Алтын буын армандайды

Бұл бетте «Алтын буын армандайды» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Шартараптың жанарында патшамыз,
Тажалдардың тамағында ақшамыз.
Соқыр тиын сығымдайды көз жасын,
Қайыршының жанқалтасын қақсаңыз.
Аран ашып ақша деген патшағар,
Алтын буын армандайды патшалар.
Саудагердің саусағында сорлайды,
Барлық гүлін базарға сап бақшалар.
Ала өкпе ғып, мұнда шап та, анда шап,
Әркім кетті өлмес үшін қам жасап.
Қазақ малын қырып жатқан қынадай,
Қайда барсаң, қызыл майдан, қан қасап.
Құрып кеткір о, зобалаң, қырманы,
Жетті жұттың біз болдық па құрбаны?
Жалғыз атын жығып берген қорадан,
Не күйде екен қара шалым қырдағы?
Қасықтай боп қарындағы май тұрса,
Қырсыққанда жалғыз сиыр жай туса,
Не болады шалқасынан ай жатса,
Қаптай соққан қара боран қайта ұрса?
Үрейімнің күнде ұлиды қаншығы,
Көбейіп жүр жүрегімнің шаншылы.
Қарайғанда қанды ішіме тартамын,
Қайта жұтып жанардағы тамшыны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтын буын армандайды өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Алтын буын армандайды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтын буын армандайды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтын буын армандайды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері