Өлең, жыр, ақындар

Көрініс

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1827
Бүгін қандай табиғат жарасымды,
Бейне бір күліп тұрған бала сынды.
Бұрын-соң көрмегендей күйге салар,
Бойына жинап алып бар асылды.
Бұл дала айтшы неден қысылады,
Сайратады, кұстарын ұшырады.
Арулардың жүрегін әнге бөлеп,
Қырмызы гүлдерін де ұсынады.
Табылар, тал бойынан асыл біткен,
Тарта берер өзіне жақындықпен.
Жақсылық, жайсаңдығын айтпағанда,
Қанша сыр қабатында жатыр бүккен.
Жерге де күтім керек, мәпелеген,
Жасты дала сан ата, әкелермен...
Байлығы да, бақыты еліме ортақ,
Мұра емес, қалған ешбір жекелерден.
Көз жетпес қиырыңа кең көсілген,
Аз ба тері адамның жерге сіңген...
Бүгін сен қуаныштың құндағысың,
Бесігісің, бақыттың тербетілген.
Бұл дала жақсыларды жат көрмеген,
Қадірлісін ар тұтып, қастерлеген!..
Арналған бар болмысы адам үшін,
Адамнан қорлығы да жоқ көрмеген...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шымылдық

  • 0
  • 0

Ғажабын-ай, самал ескен іргенің,
Жұпар иіс бүркеді ғой бір керім.
Алты қырдан аттан түсіп аялдап,
Ауыл жаққа қысыла қарап тұр "келін".

Толық

Сырлы саз

  • 0
  • 0

Шертсейші, сағындым ғой домбыраңды,
Кеудеме жыршы кұсты қондыр әлгі.
Сезімді сырлы сазы баурай-тұғын,
Мен әлі ұмытқам жоқ сол бір әнді.

Толық

Гүлбахор

  • 0
  • 0

Жаны нәзік,
Үлбірек мақтасындай,
Сазы нәзік
Айтатын жатқа тынбай,

Толық