Өмірдің көркі боп жарас тек
Бұл бетте «Өмірдің көркі боп жарас тек» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бүгінгі қазақтың қыздары,
Бақыттысыңдар ғой, бауырым!
Естігенің ғана болмаса,
Білмейсің сен, аттың сауырын.
От басын, ошақты білмейсің,
Тұсаған әйелдер қауымын.
Шабынды...
«күлі өш күндестік»
Білмейсің сен ондай жау үнін.
Үстіңнен мен сенің көремін
Импорттың ішінде тәуірін.
Жамауды білмейсің жайлаған
Сонада бабаңның ауылын.
Ол күнде тері тон ең сорлы,
Нашардың үлесі еді бауырым,
Бұл – күнде бәсеке – мода үшін
Киетін болды ең тәуірін.
Мейлі ғой киімде тұрған не,
Әсемдікке әрқашан талас көп.
Өзіңе жарасқан тоныңдай
Өмірдің көркі боп жарас тек.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі