Мавзолейде – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Мавзолейде» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1475
Мраморлы Мавзолейдің,
Кіріп келсем ішіне.
Көзін жұмып жатыр Ленин,
Дақ түспеген түсіне.
Бұл:
Ұлы жан, терең мұхит...
Қалың ойға батқандай.
Бұл әлемге күн нұрындай,
Жаз бергендей — атқандай.
Қолтығынан қызыл жұлдыз
Шығып күлім қаққандай,
Барлық әлем жан рахатын,
Содан ғана тапқандай.
Жатыр әне Мавзолейде,
Ол данышпан, ол қыран.
Онда бақыт, онда сәуле,
Ол ұйқыда; көз жұмған.
Мен де жылда келіп көрем,
Гүл қоямын қасына,
Белгі орнатам өлеңімнен,
Өшпестей ғып басына.
Ұйықта деймін —
Бабам Ленин,
Мұраң, елің қасыңда,
Сен тірісің жүрегімде,
Сенің күзет басыңда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мавзолейде өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Мавзолейде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мавзолейде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мавзолейде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері