Жалғыз көкек – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Жалғыз көкек» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1674
Ұшасың, жалғыз көкек, тау күзеткен,
Таңғалып тағдырыңа жалғыз өткен.
Сен едің аңыздағы ерке сұлу,
Ғайыптан құсқа айналып мәңгі кеткен.

Қайырмасы:
Жалт етіп келер-кетер –
Өмір өтер,
Дертіңе ортақ қылма мені бекер,
Шын жалғыз сағынышын серік етер!

Ұшасың, жалғыз көккек, зарығып­ай,
Тағдыр ғой зарықтырған сені бұлай.
Мұңдасып өзіңменен­-өзің ғана,
Жапанда жабырқаған жарығым­ай!

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері