Тарбағатай
Бұл бетте «Тарбағатай» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Суың балдай, самал желің саумалдай,
Жапырағың жанға сая болғандай.
Беткейіңе гүлден өрнек салғандай,
Тарбағатай, ғажап едің сен қандай!
Тастарыңнан меруерт-моншақ тамғандай,
Аспаныңнан жерге жұпар жауғандай.
Сұлулықтың бақыт құсы қонғандай,
Тарбағатай, ғажап едің сен қандай!
Көрмегенге көңілдегі армандай,
Атырабың алтын нұрға толғандай.
Күннің көзі саған тоқтап қалғандай,
Тарбағатай, ғажап едің сен қандай!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі