Зарла, қобыз! – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Зарла, қобыз!» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1350
Ей, қобызшы, қобызыңды тартып бақ,
Қамыққанда бар ма бұдан артық бақ?
Саусағыңнан нұр құйылса ғажайып,
Қара қылдан қай­қайдағы зар шықпақ.
Қара қобыз күңіренсе жалықпай,
Ой түбіне жұтыламын тобықтай.
Қорқыт бабам көрден басын көтеріп,
Оянады Қойлыбай мен Молықбай.
Қорқыт қашса өлмес өмір армандап,
Ажал қуар жалмауыздай жалмаңдап.
Түйдек­түйдек шаң алдында біресе
Қара қобыз келе жатар қалбаңдап.
Таңғалдыру кереметтің күшіне,
Өңім тұр ғой, кірмес менің түсіме.
Бұл дүниеден безіп кеткім келеді,
Сол қобыздың кіріп алып ішіне.
Зарла, қобыз, мен де зардан кенде емен,
Тарқамаса, шер түгей ме пендеден?
Менде қалған Мағжан ақын жүрегі,
Қасіреттің қымызына шөлдеген.
Қайғы­дерттің балдан тәтті қымызын
Қара шанақ сапырса егер күн ұзын,
Қанып ішіп, мең­зең болып отырам,
Құлағыма естілместен бір ызың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зарла, қобыз! өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Зарла, қобыз! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зарла, қобыз! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зарла, қобыз! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері