Тастанды бала – Қасен Мөлдір Жұмабайқызы

Бұл бетте «Тастанды бала» атты Қасен Мөлдір Жұмабайқызы жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Қалайша қиып тастап кеттің ана?
Қай жерден тыныштық пен таптын пана?
9 ай, 9 күнде жаныңда бо(лы)п
Білген-ем жатырында сені ғана

Ауызыма сүтіңнен дәм дарытпай,
Үніңнен ыңылдаған ән жарытпай.
Анашым осыншалық неге аздын?
Алланың қаһарынан сен қорықпай.

Жатырда жатқанында тебуші едім,
Қылығының бұзығыңның көруші едің.
Қалайша жүрегіңіз жібімеді?
Мендағы мол бақытты беруші едім.

Қазір де жатырм(ын) міне, ең далада,
Денемде суыды ғой, қараңғы бұл арада.
Мейірімді бір адам тапты міне
Жып-жылы құшағына құша ала.

Тастанды бала атандым енді міне,
Алдымда не күтеді? Ендігі не?
Анамды жүрегіме сақтап қойғам
Тілеймін шатаспауды ендігіде...


Пікірлер (1)

Əнел

Өте əдемі

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тастанды бала өлеңінің авторы кім?

Қасен Мөлдір Жұмабайқызы — осы өлеңнің авторы.

Тастанды бала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тастанды бала өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тастанды бала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері