Ақ тілек – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Ақ тілек» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қызым бар, қыз десек те ұлдан артық,
Ерке өсті, өзімізге туған тартып.
Әрі аға, әрі іні – жалғыз ұл бар,
Кенші боп Жезқазғанда жүрген шалқып.
Жас қанат немерелер келеді өсіп,
Бәрі де өз жолына сенеді өршіп.
Барына осылардың тәубе деймін,
Өмірге із тастарлық көңіл көншіп.
Бәрі де ел ісіне есен болсын,
Бақ құсы бастарына әсем қонсын.
Ұл, қызым, немерелер арасында,
Астана!
Шөберелерге көшең толсын!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері