Көкше – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Көкше» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 982
Сәлем Көкше!
Сұлу Көкше, қиялдай,
Шарықтаған құс көңілді тыя алмай,
Сені көріп кеттім толқып, төгіліп,
Бурабайға бұлақ. болып құярдай.
Кеттім толқып билей алмай сабырды,
Жыр боп бәрі жүрегімнен ағылды.
Көңілімнің айнасындай асқақ ән.
Шындарыңа алқа болып тағылды.
Көкше атың, сай екен сән-көркіңе,
Көрген жерде қоймаған сол еркіме.
Самалыңа жан саялап, жадырап,
Ой сергіді, ұшты қиял серпіле.
Көкше қандай!
Көктем қандай!
Май қандай!
Айнакөлді айдан қиып қойғандай.
Түкті кілем тоқып шебер табиғат,
Оқжетпестің етегіне жайғандай!
Қия таста ақ қайың мен қарағай,
Қалай қиып өтерсің бір қарамай.
Маужыратып, тау мен тасты талдырып,
Шырқап тұрған бейне Біржан – Сарадай.
Бұйра толқын Бурабайда Жұмбақтас
Сырға берік тымырсық қыз тіл қатпас.
Ерке толқын мойынына оралып,
Жалынса да шімірікпес, міз бақпас.
Күлімдеген күнмен ойнап шындарың,
Баурайында білем алуан сыр барын.
Сен ежелгі ордасысың өнердің,
Өңіріңнен ерген талай шын дарын.
Ақан сері, әнші Ыбырай, сал Біржан,
Өнеріне үш жүзді таңқалдырған.
Ән мен жырдан соғып сұлу ескерткіш –
Ұрпағына өлмес мұра қалдырған.
Ақын Сәкен ардақты ұлы қазақтың,
Өнеріне қалмайды оның ғажап кім?
Бостандықтың туын ұстап алысты
Аймағында туғанынша азат күн.
Толғанудан ақын жаны тынбаған.
Асқақ үнін әлем ұйып тыңдаған.
«Кербез сұлу Көкше тауын арқаның»
Ақын бар ма дәл Сәкендей жырлаған.
Әнші Көкше, ақын Көкше, күй Көкше,
Табиғаттан алған алуан сый Көкше
Мен де балаң өнер қуған жасынан
Көл нұрыңнан көкірегіме күй, Көкше.
Сұлу Көкше, демі жұпар гүл Көкше!
Таусылмайтын шабыт көзі жыр төксе,
Жиған талай тарих сырын шежіре,
Том-том дастан болар Көкше сыр төксе. 
Қош болып тұр, сұлу Көкше қиялдай!
Шарықтаған құс көңілді тыя алмай,
Аттанарда, Көкше, саған қайырылып,
Қарай бердім, қарай бердім қия алмай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкше өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Көкше өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкше өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкше өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері