Түн тынысы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Түн тынысы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 648
Жазғы түн.
Жасыл құрақ. көл жағасы.
Көлде түр келісті бір көңіл нашы.
Дірілдеп айдынында ай сәулесі,
Жиектің жылтылдайды меруерт тасы,
Қараймын қызыққаннан күміс көлге,
Көл қадап алғандай көп күміс теңге.
Тоғысқан ай нұрымен бу мұнарын
Дерсің бір тоқып құрған күміс перде.
Маужырап, мүлгіп мақпал түн ұйықтапты
Манаурап бар табиғат тұнып қапты.
Айменен абысындай сырлас көл де
Толқыннан толас тауып тыныстапты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түн тынысы өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Түн тынысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түн тынысы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түн тынысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері