Ар-ожданым – айнымас дәстүр-дінім – Мерей Қартов

Бұл бетте «Ар-ожданым – айнымас дәстүр-дінім» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 577
Ар-ожданым – айнымас дәстүр-дінім,
Жүрегіммен оятам тастың мұңын,
Сұм ойлардан Санамды аластаған-,
-тамыріші ырылдақ қасқырлығым!

Тәңір құйған жаныма Бақ ілімін,
Тау мен тастың сіңірдім тағылымын.
Қаққа жарып тұманды, Хақ іздеген...
Ой ішінде жортады тағылығым!

Мына, бес күн жалғанның құны қайда?
Түнім – олжа болғанмен, күнім – айла...
Төбе басы ашынған Төбе Бидей,
Қасқырлығым тұрады ұлып Айға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ар-ожданым – айнымас дәстүр-дінім өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Ар-ожданым – айнымас дәстүр-дінім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ар-ожданым – айнымас дәстүр-дінім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ар-ожданым – айнымас дәстүр-дінім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері