Бұл бетте «Көктем» атты Мира Сембайқызы жазған табиғат туралы өлең берілген.
Даусым әлсіз, бірақ еркім өр кеуде,
Махаббатсыз бір жеңілдік бойымда.
Биікаспан, тау самалыкеудемде,
Кірден ада, тазарғандайойым да.
Ұйқысыздық менен жырақ кеткендей,
Жамылмаймын қайғы-мұң көрпесіне.
Сағат тілі үрейлене күткендей,
Айналмады ажалдың жебесіне.
Өткен күндер билігі жоқ жүрегімде!
Еркінкүндержақынқалды. Кештімбәрін.
Күн сәулесі ойнақшып, түрленуде,
Шырқап келем көктемнің жеңіл әнін.
Анна Ахматовадан аударма
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі