Қираған құлпытастар

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 30.11.2015
  • 0
  • 3
  • 20980
Кімді аяйды есіргендер,
Қызғаңдар?! -
Қасиетті ұғымдарды сызғандар?
Бәрін, бәрін,
Барлығын да бұзады
Бақилардың тыныштығын бұзғандар!
Мұның өзі қиял ма, әлде елес пе?
Ескерткіштер қирап жатыр дөңесте.
Құлпытасқа қол көтеру, қарағым,
Аруақтарға дүре соғу емес пе?
Жи, бауырым,
Жи, бауырым, есіңді!
Жауыздыққа куә болды өсімдік.
Табытынан суырып ап аруақты
Тепкіледі деген осы!
Не сұмдық!
Тәнті болған елді билеп-төстеуге
Тиранның да аузы бармас "хош!" деуге.
Бауырым-ау, қорлау үшін адамды
Бұдан басқа болады енді не істеуге?!
Менің өзім бұған күдік келтірмен:
Жаза болып жарытпайды сол түрмең.
Қалай солай өлтіреді тіріні
Бір өлгенді екінші рет өлтірген!
Қирап жатқан ескерткіштер көп тегі,
Қарағым-ай, қарғауға сөз жетпеді!
Құлпытасқа түскен сызат,
Жарқыншақ -
Шапалақтың таңбасындай беттегі!
Кімді аяйды есіргендер, Қызғандар?!
Ар-ожданын тумай жатып сызғандар?
Бәрін, бәрін,
Барлығын да бұзады
Бақилардың тыныштығын бұзғандар!


Пікірлер (3)

раигүл

рахмет

шынар

керемет рахмет

шынар

маған қатты ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қираған құлпытастар өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қираған құлпытастар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қираған құлпытастар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қираған құлпытастар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері