Диалектика – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Диалектика» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 594
Жұтарман, жойқын
Мұхит – дүние,
Өмір – өр толқын іреңді. 
Зымырап уақыт,
Біреу қуанып,
Кейіс уатып
біреуді.
Өмір – бекетін
Жылап кеп тұрып,
Қимай кететін
пәндә адам,
Толқында налып,
Тал қармап талып
Жүрсе де жарық
таңдаған.
Жеткізбес үміт
Жетелеп
толқын
Желкелеп үгіп
жігерін...
Мұратын іздей...
Сөніп бір жанып,
Күрескен үзбей
күдерін
Бұл мәңгі
ғалам
Қоғам боп тұтас
Басқалы адам
ілгері.
Жылжыған ұлы
Алып дөңгелек
Жүргізер мұны
Кім кері!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Диалектика өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Диалектика өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Диалектика өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Диалектика өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері