Көмкеріп көңіл назымен – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Көмкеріп көңіл назымен» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 688
Әлде жаным қырандікі ме екен,
Шығаннан шүйіліп,
бақа-шаянды ілмейтін!
Сайын даланы майдан мекені етер,
Тек жымысқып барып
жыңғылға әсте кірмейтін
Әлде жаным тұлпардікі ме екен,
Жүзіп барып
тұнықтан ғана қанатын!
Тұяқ тоздыра қыр асып,
қырымнан іздеп
Шүйгінді ғана шалатын!
Әлде пенделік табиғатымнан ба екен,
Жеттім, тындымды білмейтін!
«Түстік өмірі үшін,
кештік мал жиып»,
Әрекетсіз өмір сүрмейтін!
Әлде үміттің мәңгілігінен бе екен,
Арманды қол созым тұр дейтін!
Қашанда қиынға, қияға жетелеп
Отынды бойында үрлейтін!
Әйтеуір беймаза
жанында тыншу жоқ .
Көңілдің тұнығын,
ақтығын,
пәктігін іздейсің.
Бітпеген, тынбаған бір тілек,
Биіктен күдерді үзбейсің. 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көмкеріп көңіл назымен өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Көмкеріп көңіл назымен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көмкеріп көңіл назымен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көмкеріп көңіл назымен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері