Сөз соңы – Табылды Досымов

Бұл бетте «Сөз соңы» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2858
Үтірмен сені бітірдім,
Бітірмей, жырым, нүктемен.
Бергі жағында үтірдің,
Өлең-өмір тұр бітпеген.

Шабыстан шабыт, талмасаң ,
Көбейер жырдың қатары.
Мәндірек болар әрқашан,
Мәңгілік сана сапары.

Тылсым жыр атты орманда,
Ойлы өлеңдерге шеп құрып.
Асқақ Алатау арманға,
Алқынбай жету – тектілік!

Осылай деуді құп көрдім,
Оқырман, сен қой нүктесін.
Адамдық ғұмыр біткен күн,
Ақындық ғұмыр бітпесін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөз соңы өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Сөз соңы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөз соңы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөз соңы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері