Бір адым жер – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Бір адым жер» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2862
Бір адым жер ырыздық
Тисе тілі соқаның.
Бір адым жер – аспаның,
Бір адым жер – Отаның.
Тұрар шіркін тіршілік,
Кейде суда бір жұтым,
Кейде нанда бір түйір,
Жалт қараған бір көзде,
Жанды үйірген бір сөзде.
Құрбан болды қанша мың
Жалғыз адым жер үшін,
Жалғыз адым сол жерде
Жатты бүкіл жеңісім.
Жалғыз адым осы жер –
Байтақ Отан мен үшін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері