Бұл бетте «Діріл» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
2271
Дірілдейді таулардан
Атылып тас бұлақтар.
Дірілдейді жағада
Жайқалып жас құрақтар.
Дірілдейді шырақтай
Алыста аспан жұлдызы.
Дірілдейді сынаптай
Таң алдында су жүзі.
Тұрамын мен дірілін
Дүниенің бақылап.
Алмайды көз шырымын
Құс ұйқылы жапырақ.
Сол дірілден жыр туып,
Сол дірілден гүл шығып
Дүниеге бұлқынып
Тарағандай тіршілік.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі