Түн түндiгiн жапқалы таң ұрланды – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Түн түндiгiн жапқалы таң ұрланды» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 636
Түн түндiгiн жапқалы таң ұрланды,
Тар төсекте тал бойың тағы ырғалды.
Сала құлаш шашыңнан сəл босаса,
Саусағыммен санаймын қабырғаңды.
Бiреу, екеу...
Аржағы – ақ бəденiң..,
Талаураған тал бойың, тəттi əлемiң...
Екi кештiң əфсана əлетiнде
Есi-дертiм ауады таққа менiң!
Таққа мiнген қандай-ды,
Таққа қонған!
Саулық тiлеп сəт сайын Сақтағаннан!
Икемiме илiгiп исiнедi
Ақ қанатын жайып сап əппақ Арман!
Əппақ арман,
Ақ жастық,
Шашың қолаң...
Аптығыммен əуремiн басылмаған.
Əлсiн-əлсiн бүркейсiң əлiң құрып
Əбдiреңдi ашылған, ашылмаған...
...Таң бiлiндi түн өңi бозандана,
Көңiл көкте,
Көрiмпаз көз алмада.
Ертегiнiң елiмен қоштасалық,
Есiңдi жи,
Көзiңдi аш, гөзал бала...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түн түндiгiн жапқалы таң ұрланды өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Түн түндiгiн жапқалы таң ұрланды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түн түндiгiн жапқалы таң ұрланды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түн түндiгiн жапқалы таң ұрланды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері