Аэроплан – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Аэроплан» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1461
Еңбек тап жер мен көкті түгел тектеп,
Бұйырмақ табиғатқа: «Жүгін!.. шөк!..»деп.
Өнерді көк қанатты самұрық қып,
Мініп ап, жұлдыздарға ұшпақ өктеп.
Жер тобы, зырылдай бер, диірменше!..
Ұршық қып адам сені иіргенше.
Тұтқаңа еңбек табы ие болып,
Әмір ғып «былай жүр!» деп үйіргенше.
Көкке ұшты, жасап мініп самұрықты,
Аспан-көк екпінімен жаңғырықты.
Керемет, сиқыр тылсым жалған шығып,
Даусынан жын мен пері тәңір ықты.
Әндетіп аспан-көкке өнер жырын,
Тектемек көкті кезіп, сансыз сырын.
Әуелеп аспанға ерлеп, бірте-бірте,
Білуге білмегенді бұдан бұрын.
Жырлады аспанды өнер жеңгендігін,
Қойнына алтын бұлттың енгендігін.
Ай мен күн, сансыз сәуле жұлдыздардың,
Жетуге құшағына сенгендігін.
Гауһар нұр жұлдыздарға аттанғанын,
Жаранып, қиын жолға саптанғанын.
Көктегі сәулелерге жетемін деп,
Ән-күйге салды шырқап шаттанғанын.
Күйімен жұлдыздарды күйлетпекке,
Сұлу нұр сәулелерді билетпекке.
Мақсұтын еңбекші тап: еркін тұрмыс,
Тегістік, махаббатқа үйретпекке.
Аспанға қара жерден ұшқан баршы,
Жіберген еңбекші тап ұшқыр жаршы.
Жаңғырды аэроплан әніменен,
Пайғамбар қиялымен барған ғаршы.
Самұрық көк қанатты аэроплан,
Жұлдызға жетуге енді айлаплан.
Жасап ап, еңбек табы өрлер биік,
Лек-лек қып тәрбиелеп сайлап ұлан.
Келтірді аэроплан көктің сәнін,
Әндетті кекті кезіп білім, әнін.
Асусыз аспан көкті еңбек табы,
Шарықтап білмек енді барлық мәнін.
Әуелеп, ерлеп көкке салды сайран,
Әуені жеңгендігін қылды мейрам.
Жұлдызға құлаш ұрған самұрыққа
Таң болып, тау бүркіттер болды қайран...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аэроплан өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Аэроплан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аэроплан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аэроплан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері