Жайлаудан қымыз ішу – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Жайлаудан қымыз ішу» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1851
Бие байлап, қымыз құяр уақыт болды,
Кәрі-жас, малшы, мырза үйге толды.
Шығыршықты піспекті сылдырлатып
Керіліп жігіт пісті қара көлді.
Тегенеге қымызды толтырып ап,
Аты шыққан бәйбіше мырза қолды.
Тегенені қойғызып қарсы алдына,
Сапырады құлаштап оңды-солды.
Мақұлдамас бәйбішені адам болмас,
Кезімен көрген қанып мұндай молды.
Үкілі ожауменен қымыз құйып,
Жақсы-жаман талғамай бәрін жиып,
Қайта-қайта қымызды бергеннен соң,
Кім шықсын ондай үйден тастап қиып.
Тізіліп босағадан төрге шейін
Келген адам отырар бәрі сиып,
Көйлекшең, шапандарын жамылысқан,
Жалаңаш аяғына кебіс киіп.
Малшылардан өрістің жайын біліп
Дуылдасып, қызысып ойнап-күліп,
Күлу үшін сөздерін бұра сөйлеп,
Бірін-бірі сықақ қып сөзбен іліп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жайлаудан қымыз ішу өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Жайлаудан қымыз ішу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жайлаудан қымыз ішу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жайлаудан қымыз ішу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері