Тұрсынбекке – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Тұрсынбекке» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 682
Артымнан іздеп келер бауырымсың,
Емессің ел қарасы тәуірімсің.
Қанаттас сен тұрғанда кім өткереді
Апаңның мерейтойдай ауыр ісін.
Адамның бауыр деген бауыр еті,
Қаны бір қазақтың бір ақ ниеті.
Өзі емес, көңілі туыс болып жатса,
Танылар адамдық мол қасиеті.
Біз бұдан емеспіз ғой құралақан,
Көңілге дәнекер ме ат пен атан.
Бір ауыз жылы сөз ғой адамдарды,
Туыстай табыстырып жалғап жатқан.
Ерекше тәнті бұған қазақ атты,
Ол тұрған жерде озар адам аты.
Рухы биік тұрар ұлтым десе,
Халқының дара тұлға азаматы.
Тұрсынбек, тандап алдым өзіңді ерек,
Тойымды басқар өзің, бастық бол деп
Түбі бір арғын-найман бір туысқан
Тегім бір, матай қызы емес бөлек.
Әзіл ғой! Шынымды айтсам мен өзіңе Тәнтімін.
Тура айтар от сөзіңе
Айтса істеп, кессе үзетін азаматсың
Кім сеніп үміт артпас мінезіңе.

19.03.2002 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұрсынбекке өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Тұрсынбекке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұрсынбекке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұрсынбекке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері