Бұл бетте «Сәскеде түскен сәулемін» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Барып қайтамын ойменен,
Кешегі өткен күніңе.
Айналсам деймін кейде мен,
Көне таныстың біріне.
Жүйкеңді біреу жұқартып,
Жаныңды біреу жаралап.
Жүрекке біреу жүк артып,
Біреуі топтан алалап.
Қараған болар қыз біткен,
Жұлдызы жанған жігіт деп.
Көрінер ме деп биіктен,
Үлкендер күтіп үміт көп.
Көбінен достың көңіл қап,
Жабыққан талай шығарсың.
Барымта өмір мені ұрлап,
Қайтарды деп ұғарсың...
Басталды енді дәуренің,
Өзгені алма ойыңа.
Сәскеде түскен сәулемін,
Таралып кеткем бойыңа!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі