Жаралы өмір – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жаралы өмір» атты Темірхан Медетбек жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 884
Мынау өмiр –
осы қазiр –
жаралы:
темiр торлар буып алған сананы.
Тау мен тасты,
орман менен даланы
тас-талқан қып жарады да,
жағады.
Мынау өмiр жыртқыш-сынды жаралы,
ал жаралы қалай тыным табады, –
тұла бойын ашу, ыза қысып бiр
жанды талап,
жүрегiңнен қабады.
Мынау өмiр жыртқыш-сынды жаралы.
Жаралы ғой –
сөзiң менен ойың да,
жаралы ғой –
не бiр батыл, сойың да, –
кездескен ғой оның бәрi сан рет
сойқан салған шоқпар менен сойылға.
Ел жаралы,
жер жаралы бүгiнде
жаралы ғой үнiң менiң тiлiң де.
...Жатып қалған мына өмiр –
жаншылып
тұрып кете алар ма екен түбiнде!
Жаралы ғой қуатым да,
күшiм де.
Жаралы ғой өңiм түгiл,
түсiң де!
Келе жатқан секiлдiсiң бейне бiр
қаптап тұрған жаралылар iшiнде.
Бұзылған ғой бұл өмiрден қан да әзiр.
Намыс отын құя алмайды жанға жыр.
...Сонау тұрған ақ қайың да, –
о, тоба! –
Гипстелген қол сияқты дәл қазiр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаралы өмір өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жаралы өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаралы өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаралы өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері