Әке бейітінің басында – Бақтыбай Жайлау

Бұл бетте «Әке бейітінің басында» атты Бақтыбай Жайлау жазған әке туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.12.2020
  • 0
  • 0
  • 849
Асқар тау, алып нар тұлғам,
Ұланың келді артыңнан.
Өмірден мынау өзіңсіз
Өткізіп уақыт сан жылдар.
Осынау кезең ішінде
Оралып оңға ісім де,
Қол жетті талай нәрсеге
Талпыныс еткем үшін де.
Шаттыққа толы кездерім
Өзіңді талай іздедім.
Кей арман болды табысым,
Дей алман бірақ: «сезбедің».
Сәттерім де көп сүрінген,
Шарасыздығым білінген,
Бойдағы міндет салмағы
Ауырлап белім бүгілген.
Сын шығар бәлкім бұл маған,
Ол үшін артпан мұң саған.
Көшімді жүре түзетіп,
Күшімді жұмсап шыңдалам.
...Асқар тау, алып нар тұлғам,
Ұланың келді артыңнан.
Жәрдем болсын жаныңа
Аятым Хаққа айтылған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әке бейітінің басында өлеңінің авторы кім?

Бақтыбай Жайлау — осы өлеңнің авторы.

Әке бейітінің басында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әке бейітінің басында өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әке туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әке бейітінің басында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері