Анама – Бақтыбай Жайлау

Бұл бетте «Анама» атты Бақтыбай Жайлау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.12.2020
  • 0
  • 0
  • 858
Тал бесікте түнімен
Ұйқы көрмей тербеттің.
Мәпелеген ұлың ем,
Бүгін, міне, ержеттім.
Үміт артып бір Хаққа,
Аңсадың бақ туар күн.
Айналып арман расқа,
Көп ісіме қуандың.
Өмірде – әрбір уақытта
Өзің болдың тірегім.
Жолымды бастап бақытқа,
Тілеуімді тіледің.
Тірліктің ауыр-жеңілін
Білмей еркін мен өстім.
Сенен алып мейірім,
Қатардан қалмай теңестім.
Ерледің бағып, өсіріп,
Демедің, беріп қол ұшын.
Көрмедің еш тосылып,
Борыштымын сол үшін.
Өмір – кезек, тағдыр да
Ұланыңа сен, Анам.
Парызымды алдыңда
Ақтап өту – серт маған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анама өлеңінің авторы кім?

Бақтыбай Жайлау — осы өлеңнің авторы.

Анама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақтыбай Жайлау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері