Бұл бетте «Жалғыз үй» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұлт ойлармен бір көшіп
Тәңірімен тілдесіп,
Жапандағы жалғыз үй,
Жалғыздықты түр кешіп.
Айналасы жоталы,
Түйе өскен боталы,
Жапандағы жалғыз үй,
Сан тағдырдың отаны.
Болмайтын енді егізі,
Толғатқан ойдың теңізі.
Жапандағы жалғыз үй,
Сан шаңырақ негізі.
Сыртта қалған бұл үйге,
Жұртта қалған бұл үйге,
Боран борап үстінен
Бұлт та жауған бұл үйге.
Аялайтын әнді күй,
Тербейтұғын жанды күй.
Ақындықтың тағдыры,
Жапандағы жалғыз үй!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі