Неге өлең жаздым екен білмедім –
Шөмішбай Сариев
Бұл бетте «Неге өлең жаздым екен білмедім» атты Шөмішбай Сариев жазған поэзия туралы өлең берілген.
Неге өлең жаздым екен білмедім,
Өлеңменен өтті талай күндерім.
Өлеңменен өтті талай түндерім,
Неге өлең жаздым екен білмедім.
Өлең болды өмір сүрген күндерім,
Басқа мақсат бола алмады білгенім.
Өлең жаздым, Поэзия бар жүгі,
Иығымда тұрғандай-ақ бір менің.
Өлең болып бұл пәниде мұңайдым,
Өлең болып бұл тірлікте қуандым.
Жауларыммен өлеңіммен күрестім,
Майдан салып, алғы шепте ту алдым.
Өлең менің өзегімді өртедің,
Бойға біткен бейдауасыз дерт едің.
Өлең болды әрбір күнім, Бүгінім,
Өлең болып елестеді ертеңім.
Алла менің жүрегімді байытты,
Бір адамдай көрдім өмір ғайыпты.
Маған қарсы болған жандар осынау,
Ұлы Құдай алдында да айыпты!..
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі