Төсегіңнен қайта тұру – мықтылық – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Төсегіңнен қайта тұру – мықтылық» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 863
Төсегіңнен қайта тұру – мықтылық,
Жұмыр жермен келе жатам тік тұрып.
Көлеңкем де келе жатыр ербеңдеп,
Менің тірі екенімді ұқтырып.
Қойнына енем қара жердің мен ертең,
Маған лайық жер табады кең өлкем...
Менің осы тік тұра алар арқамда,
Туған жерге аунап жатыр көлеңкем.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері