Достық парыз есеп емес ұққанға

Бұл бетте «Достық парыз есеп емес ұққанға» атты Бақтыбай Жайлау жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.12.2020
  • 0
  • 0
  • 997
Заманынан бері қарай әлімсақ
Қазақ халқы дос дегенде кеңқұшақ.
Керегелес, үйі іргелес тұрса да
Болған емес қырғиқабақ, қырықпышақ.
Осындай бір пейілі кең елім бар,
Пейіліне берген Тәңір жерім бар.
Құшағымда қонақжайлық көңіл мен
Ошағымда ұсынатын төрім бар.
Төрлет, асыл досым, төрге шығып ал,
Бүгін саған айтар біраз сырым бар.
Тас жарса да, бас жарса да қуаты
Сен дегенде майдаланар тілім бар.
Осы тіл деп бабам менің шарқ ұрған,
Осы тілмен бағам менің артылған.
Төл тілімді сыйлаған жан қашан да
Ықыласын көрер жомарт халқымнан.
Алдына тосып тұзын әр кез ұлтым,
Қызмет етіп сыйлайды жолдас-жұртын.
«Көрші мен дос ақысы – Хақ еншісі»
Деп үйреткен дінім мен ұлы ғұрпым.
Аталарым ардақ тұтып сақтаған
Дәстүрім бар, мәдениетім, салт-санам.
Салмағы оның басқа емес, досқа сын,
Мұны ұқпас тексіз ғана хас надан.
Тарихымен талайларға танылған
Далам жатыр ақ сағым нұр жамылған.
Бірлік пенен берекеге шақырып,
Тауым да тұр Ұран-Оты жағылған.
Достық басын шығарып бір жағадан,
Қол ұсынса еліме егер әр адам,
Ұлтына да ұлысына қарамай
Тумаса да туысыма балағам.
Жо-жоқ, бұрыс түсінбе тек мұнымды,
Қабылдама бағалау деп құнымды.
Және-дағы соңғы айтарым, қанекей,
Естен шығар есеп деген ұғымды.
Дос мойынға артылар сан жүк барда
Достық парыз есеп емес ұққанға.
Шын достықтың шартын тұтқан шынайы
Сезім ғана пана болар ықтарға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Достық парыз есеп емес ұққанға өлеңінің авторы кім?

Бақтыбай Жайлау — осы өлеңнің авторы.

Достық парыз есеп емес ұққанға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Достық парыз есеп емес ұққанға өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Достық парыз есеп емес ұққанға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері