Менің ана тілім ғой

Бұл бетте «Менің ана тілім ғой» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1667
Қайран өмір қайта оралмас енді бір,
Дөңгеленген жеткізбейді жер жұмыр.
Адамдарға бір келетін тірлікте,
Я, Құдайым, мырзалықпен бер ғұмыр!
Берші ғұмыр жолаушыға бір келер,
Көзін ашпай дүниені кім көрер?!
Бір күн әлем құпиясын ашардай,
Табиғаттың тылсымына тіл берер.
Келген адам сезімдерін үркітіп,
Осы сәтті, сан ғасырлар, жыл күтіп.
Сонда тұрып күллі әлем сөз алар,
Әр жапырақ, әрбір тасқа тіл бітіп.
Сөз алады әрбір нәзік гүлім де,
Жұлдыздарым сырласады түнімде.
Қарапайым, киелі, қасиетті,
Сөйлейді өмір менің Ана тілімде!
Тоғысқандай қуған дауыл, қашқан жел,
Тасқан дария, тасқан теңіз, тасқан көл.
Қарапайым менің Ана тілімде,
Әр таң сайын амандасар Аспан, Жер!
Жан дүнием сезімдерім дір еткен,
Мен сөйлесем сөз қозғаймын жүректен.
Ол өйткені,
Менің Ана тілім ғой,
Мен өмірге келген сәтте жыр еткен!
Адам ба әлде,
Тәңір ме әлде тіл берген,
Сөз Тәңірім,
құдіретті кім көрген?!
Ол өйткені менің Ана тілім ғой,
Арда туып, Ана сүтін бірге емген!

28 ақпан 1998 жыл
Ақмола шаһары


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің ана тілім ғой өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Менің ана тілім ғой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің ана тілім ғой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің ана тілім ғой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері