Алтын кітап

Бұл бетте «Алтын кітап» атты Cырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3410
Дала деген бір ұлы ақын
Оның жомарт қаламынан
Жұтқан жаздай күн қуатын,
Қызыл толқын ағады дән.

Жанбаса егер әр күн тұтап,
Түсер ме ойға тегін өлең.
Жазды дала алтын кітап,
Елдің маңдай теріменен.

Жазды оның әрбір жолын
Жасыл бұлттың жаңбырымен.
Жазды оның әрбір жолын
Қызыл арай таң нұрымен.

Кең даланың әрбір дәні
Жарқырады жұлдыз болып.
Жаздың нұрлы жаңбырларын
Күзде жерден жүрміз теріп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтын кітап өлеңінің авторы кім?

Cырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Алтын кітап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтын кітап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Cырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтын кітап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері