Көлгiрсiген көп түндей – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көлгiрсiген көп түндей» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 606
Көлгiрсiген көп түндей
Көңiлi ала күздiң де.
Хабарласпай кеттiң ғой,
Менен күдер үздiң бе?
Сақинасыз саусақтай
Сəмбiталдың келбетi.
Көзден тамған моншақтай
Монтияды көл бетi.
Қылығыңа сүйкiмдi
Қызығатын қыз бiткен,
Əнiң қайда сиқырлы?
Үнiң қайда үздiккен?
Таба алмастан бабыңды
Дəмiн таттым тəттi удың.
Шымшылайды жанымды
Сыңсығаны аққудың.
Күлдiрiп те жылатқан
Қай сөзiңе сенейiн?
Жалғыз сенi ұнатқан
Жазмышыма не дейiн?..
Кiр шалмаған айдындай
Кiрпiкке жас тiздiң бе?..
Хабарласпай қойдың ғой,
Менен үмiт үздiң бе?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көлгiрсiген көп түндей өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көлгiрсiген көп түндей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көлгiрсiген көп түндей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көлгiрсiген көп түндей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері