Махаббат ескiре ме, ескiре ме? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Махаббат ескiре ме, ескiре ме?» атты Исраил Сапарбай жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 646
Махаббат ескiре ме, ескiре ме?
Ерсiлеу мұның өзi естiле ме?
Iшiнде емге татыр бiр есер жоқ
Апырай, жұрттың бəрi естi неге?
Нелiктен мына жұрттың бəрi ақылды? –
Дəрiптеп жүрмiн бе, əлде, дарақымды?
Қодарлар Баяндардың бəсiн бұлдап,
Жиенқұл менсiнбей жүр Сара ақынды.
Саудалап көрiнгендер көктем гүлiн,
Қозылар қоңыз терiп кеткен бүгiн.
Саясын сағалаған Бөктергiнiң
Кiм ойлап жатыр дейсiң кептер мұңын.
Махаббат көнере ме, көнере ме?
Көнеден көктем гүлдеп көгере ме?
Көңiлдi қозы-лақтай көгендегi
Көр-жермен алдап жүрмiн неменеге?
Махаббат таусыла ма, таусыла ма?
Екеудiң арасынан дау шыға ма?
…Əуелеп аспанға ұшқан алты қаздың
Құлаққа естiледi даусы ғана…
Махаббат орала ма, орала ма?
Жоқ, əлде iзiм-қайым жоғала ма?
…Елiк қыз есiктегi неге сонша
Етжендi еркелейдi Төрағаға?
Есiк пен Төр арасы көк пен жердей.
Сайрай ма көңiл құсы көктем келмей?!
…Мен-дағы есiмдi алған бiр бикештi
Боламын сүйiп тұрып жек көргендей.
Махаббат жаңара ма, жаңара ма?
Ақ қызға неге құмар қара бала?
Қонып жүр гүлден-гүлге көк көбелек,
Сорып жүр гүлдiң нəрiн бал ара да…
Махаббат…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат ескiре ме, ескiре ме? өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Махаббат ескiре ме, ескiре ме? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат ескiре ме, ескiре ме? өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат ескiре ме, ескiре ме? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері