О, Жаратқан!

Бұл бетте «О, Жаратқан!» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Халқыма періштенің пәктігін бер,
бейкүнә сәби күлкі, шаттығын бер!
Бес күндік жалғандағы тірлігіне
береке, ырысының хақтығын бер!

Рахымы таусылмасын Көк пен Жердің,
жемісін көрсін елім төккен тердің.
Кемелді болуы үшін келешектің
кешпесін кемшін күйін өткендердің!

Тыныштық құшағында таң атырсын,
нұрланып ұлан-ғайыр дала тұрсын!
Ұлағат, өнегеден сусындаған
ибалы болып өссін бала, шіркін! Әумин!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

О, Жаратқан! өлеңінің авторы кім?

Ерлан Ахмет — осы өлеңнің авторы.

О, Жаратқан! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

О, Жаратқан! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Ахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

О, Жаратқан! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері