Хатың келді – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Хатың келді» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 648
Хатың келді –
Бір сəтке өзіңді алып,
Тілегің мен
Жүрегің, сөзің де анық.
Тулап жатты айдынға асыққандай
Аквариум – кеудемде сезім – балық.
Хатың келді –
Таңғы бір тəтті сырдай,
Қобалжулы көңілге дақ түсірмей.
Ақ тілеулі əлемге сəлем айтып
Алақаннан ұшырған ақ құсыңдай.
Хатың келді,
Сездіріп сағынышты,
Сағыныштың бұл жүрек балын ішті.
Алатауын аңсаған ақша бұлттай
Өзің жакқа көңілім алып ұшты!
Хатың келді,
Жаныма жайлау қонды.
Жауқазын гүл қаптады қойнау, белді.
Қаншама алыс ұшса да,
ару аққу
аңсайды екен айдыны – Айнамкөлді...
Хатың келді,
Тасыды ақын көңілі...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хатың келді өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Хатың келді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хатың келді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хатың келді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері