Сен болмасаң – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сен болмасаң» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1944
Сен болмасаң, қайтер ем?
Əй, бiлмеймiн...
Жарығы кем, жылусыз жай күндеймiн,
Түнде тұман торлаған айдындаймын,
Өз кесемде мұң болып мəймiлдеймiн.
Сен болмасаң қайтер ем? –
Тынып iштен,
Өкiнiштiң болар ма ем уын iшкен.
Селт етпеуге айналған сезiмiмдi,
Серпiлдiрiп жiбердiң ұлы күшпен!
Кеш кездесiп,
Налыман кеш көргенге.
(Мезгiлiмнен кеш туып, өскем мен де...)
Сенi көрiп жұбанам, əлденеден,
Секем алып көңiлiм сескенгенде.
Жан денемдi бiр жылу жайлағанын,
Ашылғанда сезiнем ай қабағын.
Қазығынан айналған арғымақтай,
Кiрпiгiңе жалғыз тал байланамын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері