Он жыл ғой

Бұл бетте «Он жыл ғой» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1123
«Япыр-ай, содан бері он жыл уақыт»
Дедім де, демім шықпай қалдым қатып.
Ғұмырдың кештім екен қанша жолын,
Арбасын тіршіліктің салдырлатып.
Он жыл ғой, он күн емес, он ай емес,
(Он жылды елестету оңай емес).
Тағдырдың заңы қалай тастай қатты,
Кешегі тамашамның талайы елес.
Он жыл ғой, мен он орақ ормасам да,
Сапарда сара болмас жол қашанда.
Жүрдім мен қатарымның алды-артында,
Сан рет бұрылдым да оңға, солға...
Он жыл ғой, он ылди ма, он асу ма,
(Даурықпан жеттім деп бір дара шыңға.)
Жақсыға жақын жүрдім жанасуға,
Жарадым жол серікке, қарасынға.
Өз ойым, өз бетіммен, міне, он жыл
Келемін дүние – көкпар додасында.
Он жылғы тәжірибе, тәлімім бар,
Тағдырым, таланымды таң асырма!
Заманым, енді мені баласынба!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Он жыл ғой өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Он жыл ғой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Он жыл ғой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Он жыл ғой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері