Ширығу – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ширығу» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 609
Сыпырмай томағасын Лашын-жырдың,
Жанымды аш қасқырша ашындырдым!
Бағымды базбіреуше базарламай,
Барымды оңды-солды шашып жүрмін.
Ауасы алқындырып тар бөлменің,
Ауады алты қырдан əрмен көңіл...
Кетерге қанат қағып,
Қамал бұзып
Жетер ме жеме-жемде əл-дəрменім?
Желіккен жеңілтектей жел өкпелі
Уақытқа артып қайтем мен өкпені?
Бақтағы Сандуғаш та,
Бұлбұл да емес,
Сайраған Бөденемін себеттегі.
Құп алса құзырымды құт, мерейім,
Қалайша бұл күнімді құп көрейін?!
...Бар ма екен Бозторғайда арман, сірə,
Аспанның бетіндегі нүктедейін?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ширығу өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ширығу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ширығу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ширығу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері