Түс жорыту – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Түс жорыту» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2276
Жылан еніп шықты бүгін түсіме,
Жүр екенмін ордасының ішінде.
Қоршайды екен жан-жағымнан жалаңдап,
Ирелеңдеп, долылықтан ісіне.
Ине көздер жанарыма қадалып,
Арбайды екен, бір ызғардың бары анық.
Сумаңдатып, зәрлі айыр тілдерін,
Осы қазір кететіндей жан алып.
Қатты шошып ояндым мен ұйқымнан,
Бас айналып кеткендей бір сиқырдан.
He болды деп сұрап жатыр үй-ішім,
Бір секем aп менің мына сиқымнан.
Айналама алақ-жұлақ қарап aп,
Айтып бердім түсімді мен саралап.
Анам, жарым, балам ойлы пішінде,
Қалай жорыр - түсті неге баламақ?
Балам айтты: «Әке, тыңда сөзімді,
Жылан деген жәндік қой бір төзімді.
Өмір бойы ауырмайтын шығарсың».
(Сөздерінен балаңдығы сезілді).
Жарым айтты: «Мансап деген бір шынар,
Оған шықсаң, дұшпандарың тұншығар.
Өскеніңді көре алмай күндейтін,
Жылан деген сумаңдаған тіл шығар».
Анам айтты: «Екеуің де таппадың,
Өткінші ғой мансап, дәулет, бақ, тағың.
Жылан еніп шықса, балам, түсіңе,
Қош айтысты еш алаңсыз шақтарың.
Бұл сөзімді қалай түсін, өзің біл,
Азаматсың көкірек - нұр, көзің - нұр.
Қайыспастан атан жүгін көтеріп,
Аталы сөз айтатұғын кезің бұл!»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түс жорыту өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Түс жорыту өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түс жорыту өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түс жорыту өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері