Самарқанның көк тасы – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Самарқанның көк тасы» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1206
Ішпей-жемей ақынның мас көңілі,
Желіктірді жеңсік ас жас-кəріні.
Тілек бүгін тамады тіл ұшынан,
Жүрек түгіл, көрдің бе, тас та еріді!
Тас та еріді! –
Көк тасы Самарқанның!
Қалды адыра салбөксе, самарқау күн.
Көңілімнің көліне аққу қонып,
Алқынады кеудесі Жанартаудың!
Жайлап алып бір сезім жан-денені,
Маңайына мəжнүнтал сəн береді.
Бозбаланың бойжеткен есін алып,
Ұмсынғанда қымсынып, бəлденеді.
Қыздың демі,
Балқытып балдың емі,
Бал-бұл жанып ақынның қалды реңі.
Шекесіне қыстырып бір тал гүлін
Таңдай қағып, тамсанып таң күледі.
Таң дегенім – биші қыз күлімқабақ,
Шашына алған райхан гүлін қадап.
Райханға сыр айтам дейді ұмтылып
Көк көбелек-көңілім дірілқанат.
Көк көбелек – көңіл-ай алып ұшқан,
Жазым болып кетпеші жаңылыстан.
Сарғаярсың, сазарсың сағыныштан
Саратанға жеткенше сағымы ұшқан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Самарқанның көк тасы өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Самарқанның көк тасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Самарқанның көк тасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Самарқанның көк тасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері