Соншалық көргiм келдi сенi, жаным – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Соншалық көргiм келдi сенi, жаным» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 981
Соншалық көргiм келдi сенi, жаным,
Тағатсыз тартып көзiң, лебiң, əнiң...
Ауасыз кеңiстiкте аласұрған
Дауасыз бұл жүрекке неғыламын?
Алдымнан шықшы көзiң күлiп тұрып
Қайғымды, уайымымды ұмыттырып.
Кеудесi жақсылардың – алтын сандық,
Кеудесi жамандардың – қырық құлып.
Ырқынан шыға алмайтын үй, қораның
Ынжыққа қалай сенi ұйғарамын?
Көзiмнiң көзесiне мəймiлдетiп
Көңiлiңнiң шарабынан құй, қарағым.
Шарап құй, өтiнемiн, мұң құймағын,
Мас болсын махаббатқа ылғи жаным.
Арманым бар ма менiң, ала бұлтсыз
Алдымнан шығып тұрса Күн-дидарың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соншалық көргiм келдi сенi, жаным өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Соншалық көргiм келдi сенi, жаным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соншалық көргiм келдi сенi, жаным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соншалық көргiм келдi сенi, жаным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері