Сүймегендер жыры – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сүймегендер жыры» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.06.2021
  • 0
  • 0
  • 953
«Тозақ отын тəңiрiм қайтармағай» –
Деп тiлеп ем,
түстiм бе қайта аңдамай?
Сүйегiңнен өтетiн сөз қиын-ау,
«Сүймеймiн» – деп мен оған айтам қалай?
Ол күлгенде тұрады жылағым кеп,
Көзiн ашсам – кеудемде бұлағым көп...
Жетегiмен жүректiң жүрiп келем,
Қайда барам?
Бiлмеймiн, тұрағым жоқ.
Мейлi, менi қаралап, даттаңыздар,
Адамдықтың заңымен соттаңыздар.
Жiбiмейдi бəрiбiр, жiбiмейдi
Көкiрегiме тоң болып қатқан мұз, қар!
Кiм жарасып,
жаныма кiм ұнайды?
Кеудемде ұя салғандай ұлы қайғы.
Сүймегеннiң жүрегi жiбiмейдi!
Сүймегеннiң төсегi жылымайды!
Ай мен жұлдыз барында ақ аспанда
Адамдарға адасу жарасқан ба?!
Мейлi, менi санаңдар санатсызға,
Мейлi, менi санаңдар адасқанға!
Күйiн қайтем қалталы, қазыналы,
Сыйын қайтем алқалы, базыналы?
Күннiң нұры түспейтiн жан жарасы
Кiмнiң шипа қолымен жазылады?
Үйiн қайтем аумаған абақтыдан?
Қамалмақ па қапасқа қанатты жан?
Елесi бар, өзi жоқ еркек үшiн
Бəрiнен де баз кешем,
Талақ қылам!
Қуанышын жоқ бардан құрап алған
Жалғыздарға жұбаныш мына жалған...
Ал маған ше?
Жо-жо-жоқ!
Жүре берем
Бақытымды тапқанша бiр адамнан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүймегендер жыры өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сүймегендер жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүймегендер жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүймегендер жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар