Құдайым-ау – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Құдайым-ау» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 907
Құдайым-ау,
Маған келген қандай бақ?
Албырт сезiм алабұртты қанда ойнап,
Көңiлiңнен көл iздедiм көл-көсiр,
Ерiнiңнен ем iздедiм балқаймақ.
Таптым,
Таптым,
Тəттiсiн-ай, тəттiсiн!
Шамшы-раушан шадыман бiр шақпысың?
Өпкен сайын,
Кепкен сайын ындыным
Балауыздай ерiп бара жатты iшiм…
Ерiдiм мен,
Емiнумен жас тəнге,
Екеумiзге сыйлар екен ақшам не?
Естiгеннiң еркiн, дертiн жаулайтын,
Ендi бiздер айналамыз басқа əнге!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құдайым-ау өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Құдайым-ау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құдайым-ау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құдайым-ау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері