Шақырма, шақырмашы биге менi

Бұл бетте «Шақырма, шақырмашы биге менi» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 742
Шақырма, шақырмашы биге менi,
Ауызым сол құрғырдан күйген едi..
Қарағым, мен мүбада билей қалсам,
Қара жер қамырдайын иленедi!
Ашылып алабөтен Ай қабағы,
Жұлдыздар шыркөбелек айналады.
Қаланың құшағынан қашып шығып
Кетедi əуен кезiп айдаланы.
Қарағым, мен билесем сенiменен –
Еримiн,
Елжiреймiн,
Емiренем...
Талайлар бұл алаңда абайламай
Табанын шоққа басып... еңiреген.
Қапыда сен де жылап қалма, жаным,
Ашқарақ көзге түсiп алма жағың...
Шабыңнан шайтан түртiп бұл алаңда,
Бұл алаң тамашалар тəн ғажабын.
Қып-қызыл от қой, шоқ қой би алаңы!
Қызылды бүркiт шалар қиядағы.
Құрышын қыршын дүние бiр қандырып,
Тынысын тылсым дүние жиi алады.
Қанды ауыз қасқыр күйiм, қасқа күйiм
Аңдаусыз тамырыңды басса, қиын.
Ақылға бiрде алдырса, бiрде алдырмай,
Онсыз да жүр ғой ойнап баста құйын...
Шақырма, шақырмашы биге менi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шақырма, шақырмашы биге менi өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Шақырма, шақырмашы биге менi өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шақырма, шақырмашы биге менi өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шақырма, шақырмашы биге менi өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері