Мұздап барам – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мұздап барам» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 640
Мұздап барам,
Түнерiңкi түрiң-ай мiз бақпаған!
Жiгiт шiркiн жiгiт пе,
Мақпал түнде
Майдай ерiп жанында қыз жатпаған?!
Берi аунашы,
Көрпенi əрi ысыр да.
Жағалассаң жағалас, жан ұшыр ма?!
Емiн-еркiн кеудемдi ен жайлашы,
Ерiнiңнен еселеп бал ұсын да.
Қап-қара түн,
Əппақ ай,
Сазды əн ғана…
Жануға да,
Болады маздауға да.
Неменеге бүркейсiң бүлiнгiрдi,
Неменеге үркесiң, жазған бала?
Қу емшекке құныққан құлындардай
Көмейiмде дiрiл мен бiр үн бардай…
Көңiлiңдi табайын «көкемайлап»
Ерiнiңдi өбейiн шырын балдай.
Алпыс екi тамырда қан туласын,
Алмас қылыш алапат жарқылдасын!
Сəруəр сезiм санада сарқылмасын,
Сары қымыз сабада салқындасын…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұздап барам өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мұздап барам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұздап барам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұздап барам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері