Аға рухына – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Аға рухына» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1001
Аға рухына
Сен бізден озып кеттің, озып кеттің,
Азаны мен ғазалын созып көктің.
Кеңпейіл кеңістікті кезіп кеттің,
Тар құрсақ қара жерден безіп кеттің.
Сен бізден ұшып кеттің Алла жаққа,
Деместен Жұмақ жұрты бар ма, жоқ па.
Қондырып таң намазын таңдайыңа
Арасын жер мен көктің жалғамаққа.
Сен бізден ұшып кеттің Алла жаққа,
Салмайын дедің бе екен жанды азапқа.
Қанағат айтып кеттің қалғандарға,
Аманат артып кеттің əр қазаққа...
Сен бізден алыстадың, алыстадың,
Қара жер екен ғой деп қарыс қадым.
Ақ қанатты періште кейпіне еніп
Көрдік біз көкке қарай жан ұшқанын.
Көрдік біз көкке ұша алмай тəн қалғанын,
Жалп етіп өшкен шамдай жалғанда бұл.
Көндік біз, көнбегенде қайтуші едік,
Біздерге бұйырғай деп қалған дəмің...
Көндік біз көзден жасты бұлап тұрып,
Азан мен ғазалыңа құлақ түріп.
Кірпікке көгенделген көз жасында
Тұрған соң күнəсіз, пəк Шуақ күліп!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аға рухына өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Аға рухына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аға рухына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аға рухына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері