Көргенім – көріскенім аңсап келіп – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көргенім – көріскенім аңсап келіп» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 709
Көргенім – көріскенім аңсап келіп.
Көркіңе бек жарасар кəмшат бөрік.
Шөлімді қандырдың-ау, қалқатайым,
түн іші тіл ұшына бал сап беріп.
Жүрісің айдында аққу жүзгендейін,
Тістерің ақық-маржан түзгендейін.
Шыныңмен уəдеңді берші маған,
Болмайын сенен үміт үзгендейін.
Етегі көйлегіңнің бүрмеленген.
Көрікті сенен басқа кімге берген?
Жазмыштың маңдайыма жазылғанын
өзіңмен не де болса бір көрем мен.
Қолыңа ап, жетектеші Күреңімді,
Қалқатай, екі етпеші тілегімді.
Жалғанда екі дүние өкінбес ем,
өзіңмен бірге сүрсем бұл өмірді.
Білгенге, тағдыр жолы бұралаң-ды.
Ғашықтық – құштарлық пен құмар алды.
Адамның баласында арман бар ма,
Сүйген соң мыңнан қалап бір адамды?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көргенім – көріскенім аңсап келіп өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көргенім – көріскенім аңсап келіп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көргенім – көріскенім аңсап келіп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көргенім – көріскенім аңсап келіп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері