Жараспаған дəм-тұзы жердегімен – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жараспаған дəм-тұзы жердегімен» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 613
Жараспаған дəм-тұзы жердегімен,
Жарым көңіл ақынның менде бірі ем.
Қара түннің қойнына еніп кетсем,
Ертегіден аумаған елде жүрем…
Қара түнде қалғыған ертегі елі,
Алып кетсең қайтеді ерте мені?
Хақ жолына тəрк етіп хан сарайын,
Жан сарайым қалайды жертөлені.
Жертөледе шомылып шам нұрына,
Шайхыларша тəубе айтсам тағдырыма…
Жан-ділімді алдына жайып салып,
Жаратқанның тəн берсем жарлығына.
Қайта туып,
Кім қайта жаңғыра алды?
Арты өкініш, өмірдің, алды мəңгі.
Жарым түнде жас алып жанарыма,
Жуып-шайсам дəргүмəн бар күнəмді.
Мінəжəтім жалғанып жерден көкке,
Ай астында бесігім тербелмек пе?!
Жазмышынан озмышын жаңылдырып,
Я, Жаратқан, пендеңді шерменде етпе!..
Əкем жоқ деп несіне шер төгемін?
Ана алдында аз ғана еркеледім.
Жаратқанға дауысым жетер, бəлкім,
Жалбарынсам ішінде жертөленің…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жараспаған дəм-тұзы жердегімен өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жараспаған дəм-тұзы жердегімен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жараспаған дəм-тұзы жердегімен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жараспаған дəм-тұзы жердегімен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері